Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1210 Қаулысы
(2019.08.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.