«Жол саласы жұмыскерлерінің біліктілігін міндетті арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 278 бұйрығы

Жол саласы жұмыскерлерінің біліктілігін міндетті арттыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 278 бұйрығы

 

«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағы 42-2) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген Жол саласы жұмыскерлерінің біліктілігін міндетті арттыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты алғаш ресми жарияланған күннен кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін Көлік вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Көлік министрі

 

Н. Сауранбаев

 

Қазақстан Республикасы Еңбек

және халықты әлеуметтік қорғау

министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Ғылым

және жоғары білім министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Қазақстан Республикасының

Көлік министрі

2025 жылғы 26 тамыздағы

№ 278 бұйрықпен

бекітілді

 

 

Жол саласы қызметкерлерінің біліктілігін міндетті арттыру

қағидалары

 

1-бөлім. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жол саласы қызметкерлерінің біліктілігін міндетті арттыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына 42-2) тармақшаға сәйкес әзірленді және жол саласы қызметкерлерінің біліктілігін міндетті түрде арттыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидалар меншік нысанына қарамастан автожол саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ лауазымдық міндеттері мен атқаратын жұмыстарының ерекшеліктеріне сәйкес міндетті түрде біліктілігін арттыруға жататын автожол саласы қызметкерлеріне арналған.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.