«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 5 қарашадағы № 153-VII Конституциялық Заңы (2026.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) Конституциялық Сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

6) өтініштің негізін өзгертуге, оның көлемін ұлғайтуға немесе азайтуға, қосымша процестік әрекеттерді жүргізу қажеттілігі болмаған кезде және судьялар құрамы кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін өзі берген өтінішті кері қайтарып алуға;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

7) өтініште мәлімделген талаптарды толық немесе ішінара мойындауға не оларға қарсылық білдіруге құқығы бар.

3. 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Өтінішті қарау кезінде тартылатын тұлғалар мен органдар:

1) Конституциялық Соттың рұқсатымен және ол айқындаған көлемде конституциялық іс жүргізу материалдарымен танысуға;

2) өтініштің нысанасы бойынша өз дәлелдері мен ойларын Конституциялық Сотқа айтуға құқылы.

5. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар, өтінішті қарау кезінде тартылатын өзге де тұлғалар мен органдар, олардың өкілдері:

1) өз құқықтарын адал пайдалануға міндетті. Олардың Конституциялық Сотқа көрінеу жалған мәліметтерді хабарлауы немесе Конституциялық Сот талап еткен құжаттарды, материалдар мен өзге де ақпаратты ұсынбауы Конституциялық Сотты құрметтемеу деп бағаланады және заң бойынша жауаптылыққа алып келеді;

2) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Конституциялық Сотқа, оның талаптарына және Конституциялық Сотта қабылданған рәсімдерге құрметпен қарауға;

3) төрағалық етушінің отырыс тәртібін сақтау туралы өкімдеріне бағынуға;

4) өтініштің мән-жайлары туралы мәліметтерді немесе Конституциялық Соттың жабық отырыстарына қатысуына байланысты өздеріне белгілі болған өзге де деректерді жария етпеуге міндетті.

6. Сарапшы (маман):

1) сараптама (зерттеу) нысанасына жататын материалдармен танысуға;

2) қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне ұсыну туралы өтінішхатты мәлімдеуге;

3) егер Конституциялық Сот судьясының ұйғарымында ол туралы көрсетілген болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқылы.

7. Сарапшы (маман):

1) өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша объективті және негізделген қорытынды беруге;

2) қажет болған кезде өзі дайындаған қорытындының мазмұнын түсіндіруге және Конституциялық Соттың отырысына қатысуға міндетті.

8. Аудармашы:

1) аударманы жүзеге асыру кезінде қатысып отырған адамдарға аударманың толықтығы мен дұрыстығы үшін нақтылайтын сұрақтар қоюға;

2) орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқылы.

9. Аудармашы:

1) өзіне тапсырылған аударманы дәлме-дәл және толық орындауға;

2) конституциялық іс жүргізу құжаттарында аударманың дұрыстығын өз қолтаңбасымен куәландыруға міндетті.

 

 

8-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТҚА ЖҮГІНУ

 

43-бап 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 43-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

43-бап. Конституциялық Сотқа келіп түсетін өтініштердің түрлері

Конституциялық Сотқа келіп түсетін өтініштердің түрлері - Қазақстан Республикасы Конституциясының 50, 51, 73 және 79-баптарында көрсетілген мәлімдеме, өтініш және соттардың ұсынуы.

 

44-бап. Конституциялық Сотқа келіп түсетін өтініштердің нысаны мен мазмұны

44-баптың 1-тармағы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

1. Конституциялық Сотқа өтініштер жазбаша және (немесе) электрондық нысанда беріледі.

44-баптың 2-тармағы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2. Өтініште:

1) Конституциялық Соттың атауы;

2) өтініш субъектісінің атауы, орналасқан жері, азамат жүгінген жағдайда - тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, егер бар болса, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы туралы мәліметтер;

3) лауазымы бойынша немесе заң бойынша өкілдік ету жағдайларынан басқа, өтініш субъектісі өкiлiнiң атауы, мекенжайы және оның өкiлеттiгi көрсетілуге тиіс. Өкілі беретін азаматтың өтінішінде, егер бар болса, оның ұялы байланысының абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы туралы мәліметтер де көрсетілуге тиіс;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) егер өтініште Қазақстан Республикасы Конституциясының 93-бабында көзделген жағдайда қорытынды беру туралы мәселе қойылса, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы заң жобасы;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) егер өтініште Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын және жалпыхалықтық референдумды өткізудің дұрыстығы туралы мәселе қойылса, оларды өткізуге байланысты актілерге қол қойған немесе оларды шығарған мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың атауы, орналасқан жері және мекенжайы;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) егер өтініште заңдардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы мәселе қойылса, заңдардың атауы, қабылданған күні;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) егер өтініште Қазақстан Республикасының Құрылтайы қаулыларының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы мәселе қойылса, Қазақстан Республикасының Құрылтайы қаулыларының атауы, қабылданған күні;

8) егер өтініште Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы мәселе қойылса, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының атауы, қол қойылған күні мен орны, оларға Қазақстан Республикасының немесе оның мемлекеттік органдарының атынан қол қойған лауазымды адамдар;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

8-1) егер өтініште халықаралық ұйымдардың және олардың органдарының шешімдерін орындаудың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы мәселе қойылса, халықаралық ұйымдар және олардың органдары шешімдерінің атауы, қабылданған күні;

9) өтініште ресми түсіндірме беру туралы мәселе қойылып отырған Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары;

10) егер өтініште күшіне енген заңды немесе өзге де құқықтық актіні Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы мәселе қойылса, заңның немесе өзге де құқықтық актінің атауы, нөмірі, қабылданған күні, жариялау көздері және өзге де деректемелері;

11) егер соттың ұсынуында актіні конституциялық емес деп тану туралы мәселе қойылса, егер сот қолданылуға жататын заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, актіге қол қойған немесе оны шығарған мемлекеттік органның, лауазымды адамның атауы, орналасқан жері және мекенжайы, заңның немесе өзге де нормативтік құқықтық актінің атауы, нөмірі, қабылданған күні, жариялау көздері және өзге де деректемелері;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Құрылтайы құратын комиссияның атауы, құрамы және оның қорытындысы; Қазақстан Республикасы Құрылтайының Қазақстан Республикасының Президентін лауазымынан мерзімінен бұрын босату туралы мәселені қарауына байланысты актілердің атауы, қабылданған күні және мазмұны;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) Қазақстан Республикасының Президентін лауазымынан кетіру туралы мәселеге бастама жасаған депутаттар және олардың саны туралы мәліметтер; Құрылтайда дауыс берудің нәтижелері туралы мәліметтер; Қазақстан Республикасының Президентіне қарсы тағылған айыпты тергеп-тексеру нәтижелері туралы мәліметтер; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тағылған айыптың негізділігі жөніндегі қорытындысы туралы мәліметтер; Құрылтайдың Қазақстан Республикасының Президентін лауазымынан кетіру туралы мәселені қарауымен байланысты актілердің атауы, қабылданған күні және мазмұны;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

13-1) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 1-тармағында көзделген өз құқығын іске асыруы туралы мәліметтер;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

13-2) Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда, адамның Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаудан бас тартуы туралы мәліметтер;

14) өтініштің мәні, өтініш берген адамның позициясы және оның құқықтық негіздемесі;

15) жүгінуге негіз болатын және оның негізділігін растайтын өзге де фактілер, мән-жайлар және бар болса, дәлелдемелер;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

15-1) сот арқылы қорғалу құқығын қоса алғанда, азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды мүдделерін қорғаудың заңнамада белгіленген басқа тәсілдерін пайдаланғаны туралы мәліметтер (олар болған кезде);

16) Конституциялық Сотқа жүгінуге құқық беретін немесе азамат дау айтып отырған нормативтік құқықтық актіде тікелей қозғалған оның құқықтары мен бостандықтарын бекітетін Қазақстан Республикасы Конституциясының және осы Конституциялық заңның нормалары;

17) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

44-баптың 3-тармағы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

3. Өтінішке тиісті субъект қол қоюға тиіс. Электрондық құжат нысанында ресімделген өтініш электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

4. Өтінішке:

44-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

1) тексерілуге жататын актілер мәтіндерінің көшірмелері;

44-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) өкілдік ету лауазымы бойынша немесе заң бойынша жүзеге асырылатын жағдайлардан басқа, өкілдің өкілеттігі туралы сенімхат немесе өзге құжат;

44-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

3) соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы шешімінің көшірмесі;

44-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

4) нақты істе заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің қолданылуын растайтын сот шешімі;

5) 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

6-1) егер ұйымның уәкілетті адамы өтініш субъектісінің өкілі болса, жарғының, ереженің, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері;

44-баптың 4-тармағының 7) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

7) Конституциялық Сотқа жүгінуші адамның позициясын растайтын өзге де материалдар қоса беріледі.

44-баптың 5-тармағы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

5. Конституциялық іс жүргізу тілдерінде жазылмаған құжаттарға олардың қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса берілуге тиіс.

 

45-бап 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 45-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

45-бап. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына өтініштер

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы азаматтарының жүгінуі бойынша олардың Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, олардың жекелеген ережелерінің Конституцияға сәйкестігін қарайды.

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы азаматының өтініші жол берудің мынадай:

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) соттың дау айтылып отырған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні қолдануы және оның жүгінуші субъект қатысатын нақты істе құқықтар мен бостандықтарды тікелей қозғауы және іс бойынша апелляциялық сатыдағы күшіне енген сот актісінің болуы;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) өтініштің осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген сот актісі қабылданғаннан кейін бір жылдан кешіктірілмейтін мерзімде берілуі;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

3) жүгінген субъектінің құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы белгілерінің болуы шарттарына сай келуге тиіс.

3. 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

46-бап 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

46-бап. Конституциялық Сотқа жүгінудің салдары

Конституциялық Сотқа:

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына кірісуі, Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайланған депутаттарын тіркеу не жалпыхалықтық референдумның қорытындысын шығару тоқтатыла тұрады;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша жүгінген жағдайда, тиісті актілерге қол қою не оларды ратификациялау мерзімдерінің өтуі тоқтатыла тұрады;

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасы Конституциясының 79-бабында көрсетілген мәселелер бойынша жүгінген жағдайда, сотта іс бойынша іс жүргізу толық немесе тиісті бөлігінде тоқтатыла тұрады.

 

 

9-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУЫ

 

47-бап. Конституциялық Сот Аппаратының өтініштерді алдын ала қарауы

47-баптың 1-тармағы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Өтініштердің Конституциялық Соттың құзыретіне, тиісті субъект, нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкестігін сырттай (формальды) тұрғыдан тексеру мақсатында оларды алдын ала қарауды осы Конституциялық заңға және Конституциялық Соттың Регламентіне сәйкес Конституциялық Соттың Аппараты қамтамасыз етеді.

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Егер анықталған сәйкессіздік анық (айқын) болса және жеке талдауды және (немесе) сараптаманы талап етпесе, өтініш қайтарылуға тиіс. Өтініш Конституциялық Сот Аппаратының хабарламасы негізінде мынадай негіздер бойынша:

47-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

1) өтініштің нысанасы Конституциялық Соттың құзыретіне анық кірмейтін болса;

2) өтініш нысаны мен мазмұны бойынша осы Конституциялық заңда белгіленген талаптарға анық сәйкес келмесе;

47-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

3) өтініш анық тиісті субъектіден туындамаса;

4) 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

47-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) өтінішті беру шарттары анық сақталмаған болса, қайтарылады.

3. 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

47-баптың 4-тармағы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген кемшіліктер жойылғаннан кейін азамат Конституциялық Сотқа өтінішті қайта жіберуге құқылы. Бұл ретте Конституциялық Сотқа түзетілген өтініш Конституциялық Сот Аппаратының хабарламасын алғаннан кейін бір ай ішінде берілген жағдайда, осы Конституциялық заңның 45-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзімді есептеу мақсатында өтініш бастапқы өтініш берілген күні берілді деп есептеледі.

 

47-бап 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 48-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

48-бап. Конституциялық Сот судьясының (судьяларының) өтінішті алдын ала зерделеуі

2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Төраға белгіленген талаптарға сай келетін өтінішті алдын ала зерделеу үшін бір немесе бірнеше судьяға береді.

Алдын ала зерделеу шеңберінде Конституциялық Сот судьясы өтініштің мәніне, негіздеріне және талаптарына жататын қосымша құжаттар мен анықтамалық ақпаратты талап етуге, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың уәкілетті өкілдеріне алдын ала сұрау жүргізуге құқылы. Көрсетілген әрекеттер баяндамашы судьяның ұйғарымы негізінде жүргізіледі.

Алдын ала зерделеу нәтижелері Конституциялық Соттың отырысында баяндалады. Баяндаманы қарау нәтижелері бойынша Конституциялық Соттың өтінішті конституция лық іс жүргізуге қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қаулысы қабылданады.

2. Өтініш конституциялық іс жүргізуге қабылданған жағдайда, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесінде заңның немесе өзге де нормативтік құқықтық актінің не олардың жекелеген ережелерінің конституциялылығын тексеру жөнінде басталған іс жүргізу туралы тиісті белгі жасалады.

3. Егер:

1) өтініш осы Конституциялық заңда белгіленген өтініш нысаны мен мазмұнына, оларға жол берілу шарттарына сәйкес келмесе немесе тиісті субъектіден туындамаса;

2) өтініштің нысанасы Конституциялық Соттың құзыретіне кірмесе;

3) өтініште көрсетілген мәселенің конституциялылығын осыған дейін Конституциялық Сот тексеріп қойған болса және кейіннен шешім қабылдауға негіз болған Қазақстан Республикасы Конституциясының немесе өзге де құқықтық актілердің нормалары өзгертілмеген жағдайда, заңды күшін сақтайтын Конституциялық Соттың шешімі болса;

4) өтініште көрсетілген мәселе Қазақстан Республикасының Конституциясында шешімін таппаса;

5) тиісті құқықтық қатынастарға қолданылуы жалғастырылатын жағдайларды қоспағанда, конституциялылығына дау айтылып жатқан акт тоқтатылса немесе күші жойылса, өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдаудан бас тартылады.

4. Конституциялық Сот қабылдаған шешім туралы конституциялық іс жүргізуге қатысушылар бес жұмыс күнінен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5. Конституциялық Сот өтініштің іс жүргізуге қабылданғаны туралы уәкілетті органдар мен тұлғаларды хабардар етеді, олар, егер тексерілетін нормативтік құқықтық актінің, оның негізінде қабылданған құқықтық актілердің қолданылуы немесе орындалуы адамның құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтірудің мүмкін болмауына немесе Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптарға алып келуі ықтимал болса, Конституциялық Сот қорытынды шешім қабылдағанға дейін олардың қолданылуын, орындалуын тоқтата тұру туралы мәселені қарауға тиіс.

 

49-бап 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

49-бап. Конституциялық іс жүргізуге қабылданған өтінішті Конституциялық Соттың отырысында қарау үшін материалдарды дайындау тәртібі

1. Конституциялық Соттың Төрағасы өз өкімімен Конституциялық Соттың отырысына материалдар дайындауды жүзеге асыратын Конституциялық Соттың судьясын айқындайды. Келіп түскен өтініштің ерекше маңыздылығына немесе шұғыл болуына байланысты материалдарды дайындау Конституциялық Соттың бірнеше судьясына тапсырылуы мүмкін.

2. Өзара байланысты бірнеше өтініш келіп түскен кезде Конституциялық Сот оларды бір конституциялық іс жүргізуге біріктіру туралы шешім қабылдауға құқылы.

3. Конституциялық іс жүргізуге қабылданған өтініш бойынша Конституциялық Соттың судьясы Төраға белгілеген мерзімдерде Конституциялық Сот отырысының қарауына материалдарды дайындайды, бұл үшін ол:

1) конституциялық іс жүргізуге қатысушыларды, өтінішті қарау үшін тартылатын өзге де тұлғалар мен органдарды айқындайды, оларға осы Конституциялық заңда көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

2) өтініш нысанасына қатысты қажетті құжаттар мен өзге де ақпаратты талап етіп алдырады;

3) қажет болған кезде тиісті лауазымды адамдарға сауал қойып жауап алады, ғалымдарды, сарапшыларды (мамандарды), аудармашыларды тартады және тексерулер, сараптамалар, зерттеулер жүргізуді тапсырады, бұл жөнінде ұйғарым шығарады;

4) отырыс басталғанға дейін он күннен кешіктірмей Конституциялық Соттың судьяларын өтініш материалдарымен қамтамасыз етеді;

5) Конституциялық Сот шешімінің жобасын дайындайды;

6) өтініштің тиісінше қаралуын қамтамасыз ету жөнінде өзге де әрекеттерді жүргізеді.

4. Келіп түскен өтініштің ерекше маңыздылығына және шұғыл болуына байланысты Конституциялық Сот оны жеделдетілген тәртіппен қарау туралы шешім қабылдай алады. Бұл жағдайда Конституциялық Соттың отырысына материалдар дайындауды Конституциялық Соттың регламентінде айқындалған тәртіппен Конституциялық Соттың судьясы-баяндамашы жүзеге асырады.

5. Дайындық жұмысы аяқталғаннан кейін Конституциялық Соттың Төрағасы өз өкімімен Конституциялық Сот отырысының күнін айқындайды, онда өтініште қойылған мәселелер мәні бойынша қаралатын болады.

6. Конституциялық Сот өтінішті конституциялық іс жүргізуге қатысушыларды және өзге де тұлғаларды шақырмай және тыңдаулар өткізбей қарауға құқылы.

 

50-бап 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

50-бап. Тексеру өлшемшарттары мен шектері

1. Конституциялық Сот тексерілетін нормативтік құқықтық және өзге де актілердің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін:

1) нормалардың мазмұны бойынша;

2) құқықтық актінің нысаны бойынша;

3) Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген қол қою, жасау, қабылдау, жариялау немесе қолданысқа енгізу тәртібі бойынша;