4) Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуі тұрғысынан;
5) Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген мемлекеттік билік органдары арасындағы құзыреттің аражігін ажырату тұрғысынан;
6) уәкілетті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар берген ресми түсіндірмесін, сондай-ақ қалыптасқан құқық қолдану практикасын назарға ала отырып анықтайды.
2. Конституциялық Сот нормативтік құқықтық және өзге де актілердің конституциялылығын өтініште көрсетілген бөлігінде ғана тексереді.
51-бап 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
51-бап. Конституциялық іс жүргiзуге қабылданған өтінішті қарау бойынша Конституциялық Сот отырысын жүргізу тәртiбi
1. Конституциялық Сот өтініштерді қарауды өзінің отырысында жүргізеді.
2. Белгiленген уақытта төрағалық етуші:
1) отырысты жүргiзу үшiн Конституциялық Сот судьялары санының жеткiлiктi екендігіне және хаттама жасаумен қамтамасыз етiлгендiгiне көз жеткiзедi;
2) Конституциялық Соттың отырысын ашық деп жариялайды;
3) қаралуға жататын мәселелердi оқып шығады;
4) мәселенің мәнін баяндау, отырысқа шақырылған қатысушылардың бар екендiгi туралы және қатыспағандардың келмеу себептерiн хабарлау үшiн Конституциялық Соттың судьясы-баяндамашыға сөз бередi;
5) отырысқа қатысушылардан оларда өтінішхаттардың бар-жоғы туралы сұрайды, оларды Конституциялық Соттың шешуiне қояды;
6) қаралуға жататын мәселелердi қараудың басталғаны туралы жариялайды.
3. Қажет болған кезде конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың және басқа да шақырылған адамдардың түсініктемелері мен сөздері тыңдалуы мүмкін.
4. Отырысқа қатысушылар сөз сөйлегеннен кейін өтінішхат келіп түскен кезде конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың қорытынды сөздері тыңдалады. Конституциялық Сот оларға қорытынды сөз сөйлеуге дайындалу үшін уақыт бере алады.
5. Егер мәселе жеткілікті түрде анықталған болса, төрағалық етуші қорытынды шешімді тұжырымдау үшін Конституциялық Соттың судьялары құрамының кеңесу бөлмесіне кететінін және кеңесінің ашылғаны туралы хабарлайды. Кеңесу кезінде бөгде адамдардың қатысуына жол берілмейді. Кеңесу кезінде болған пайымдауларды, дауыс беру барысы мен нәтижелерін жария етуге тыйым салынады. Кеңесу барысында Конституциялық Соттың судьялары қаралып отырған мәселе бойынша өз позициясын еркін білдіре алады және Конституциялық Соттың басқа судьяларынан өздерінің позицияларын нақтылауды сұрай алады.
52-бап 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
52-бап. Конституциялық Сот отырысының үзілісі
1. Конституциялық Сот отырысында мынадай:
2) конституциялық іс жүргізуге қатысушылар және келуі міндетті деп танылған өзге де адамдар келмеген;
3) егер қосымша материалдардың өтінішті шешу үшін елеулі мәні болса, оларды талап етіп алдыру қажет болған;
4) отырыс барысында жою мүмкін болмайтын басқа да мән-жайлар болған жағдайларда үзіліс болуы мүмкін.
2. Конституциялық Соттың отырысында үзіліс болған жағдайда, бұл туралы қатысушылар хабардар етіледі.
53-бап 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 53-бап өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53-бап. Конституциялық Соттың өтініштерді қарау мерзімдері
Конституциялық Сот өтініш конституциялық іс жүргізуге қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өтінішті қарайды және ол бойынша қорытынды шешім шығарады. Азаматтардың өтініштері бойынша қорытынды шешім өтініш конституциялық іс жүргізуге қабылданған күннен бастап үш ай ішінде шығарылады. Өтініштің күрделілігін және барлық мән-жайларды неғұрлым толық зерттеу қажеттілігін ескере отырып, көрсетілген мерзімдерді Конституциялық Сот ақылға қонымды мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл жөнінде мүдделі тұлғалар хабардар етіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің жазбаша немесе электрондық нысанда жазған талабымен ол жіберген өтініш бойынша қорытынды шешім қабылдау үшін мерзім, егер мәселе кейінге қалдыруға болмайтын болса, күнтізбелік он күнге дейін қысқартылуы мүмкін.
Конституциялық Сот өзара байланысты өтініштерді бір конституциялық іс жүргізуге біріктірген жағдайда қорытынды шешім шығару үшін осы Конституциялық заңда көзделген мерзім оларды біріктіру туралы шешім қабылданған күннен бастап есептеледі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес берілген мәлімдеме бойынша Конституциялық Сот күнтізбелік үш күн ішінде қорытынды шешім шығарады.
54-бап 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
54-бап. Конституциялық Соттың отырысын өткізу тәртібін қамтамасыз ету шаралары
1. Конституциялық Соттың отырысын өткізу тәртібін қамтамасыз ету мақсатында процестік қорғау немесе жауаптылық шаралары қолданылуы мүмкін.
2. Отырысқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Конституциялық Соттың Төрағасы өтінішті қарау кезінде қатысуға ниет білдірген адамдарға, олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруді, жеке тексеріп қарауды және олар алып өтетін заттарды тексеріп қарауды қоса алғанда, тексеру жүргізу туралы өкім бере алады.
3. Отырыстың қалыпты өту барысын қамтамасыз ету мақсатында Конституциялық Сот құқық бұзушыға ескерту жасауды немесе оны отырыс залынан шығарып жіберуді қолдануы мүмкін.
4. Отырыста төрағалық етуші Конституциялық Сотқа құрмет көрсетпеу фактісінің анықталғаны туралы құқық бұзушыға дереу жариялайды.
5. Конституциялық Сотқа құрмет көрсетпегені үшін бұған кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
6. Егер отырыста тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, Конституциялық Сот үш жұмыс күні ішінде прокурорға сотқа дейінгі іс жүргізуді ұйымдастыру үшін материалдарды жібереді.
10-тарау 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ШЕШІМДЕРІ
55-бап. Конституциялық Сот шешімдерінің түрлері
1. Конституциялық Соттың отырысында қабылданатын акт оның шешiмi болып табылады.
2. Конституциялық Соттың шешiмдерi Конституциялық Соттың конституциялық өкiлеттiктерi жүзеге асырылатын қорытынды шешiмдерге және Конституциялық Соттың өзге де өкiлеттiктерi жүзеге асырылатын басқа да шешiмдерге бөлiнедi.
56-бап. Конституциялық Сот шешiмдерiнiң нысандары
1. Конституциялық Соттың шешімдері:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының құрамдас бөлігі болып табылатын нормативтік қаулылар;
4) қаулылар нысанында қабылданады.
Нормативтік қаулылар, қорытындылар мен жолдаулар Конституциялық Соттың қорытынды шешімдеріне жатады.
2. Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары мен қорытындылары Қазақстан Республикасының атынан шығарылады.
57-бап. Конституциялық Соттың нормативтік қаулысы мен қорытындысының мазмұны
1. Конституциялық Соттың нормативтік қаулысы мен қорытындысында:
1) оның атауы, шығарылған күнi мен орны;
2) оны шығарған Конституциялық Соттың құрамы;
3) конституциялық іс жүргізуге қатысушылар мен олардың өкiлдерi;
5) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен осы Конституциялық заңның Конституциялық Соттың конституциялық iс жүргiзуге қабылданған өтінішті қарау құқығын белгiлейтiн нормалары;
6) Конституциялық Сот анықтаған мән-жайлар;
7) конституциялылығы тексерілген құқықтық актінің атауы мен деректемелері;
8) лауазымды адамның конституциялылығы тексерiлген шешiмi;
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының сайлауын немесе жалпыхалықтық референдумды өткiзудiң дұрыстығы тексерiлген учаскелер, округтер, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер;
10) Қазақстан Республикасы Конституциясының ресми түсiндiрме беруге ұшыраған нормасының (нормаларының) мазмұны;
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) Конституциялық Сот қараған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулардың мазмұны;
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) сақталуы немесе болуы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес тексерілген рәсімдер, мән-жайлар мен фактілер;
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) Конституциялық Сот ұйғарған шешімнің (қорытындының) пайдасына келтірілген құқықтық сипаттағы дәлелдер;
14) Конституциялық Сот басшылыққа алған Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары;
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) шешімнің (қорытындының) қарар бөлігі;
16) егер осы баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген нормативтік қаулылар қабылданса, мемлекеттік органдардың шешімдерін қайта қарау қажеттігі;
17) шешімді қолданысқа енгізу, орындау және жариялау тәртібі мен мерзімі;
18) шешiмнiң түпкiлiктiлiгi және міндеттілігі көрсетiлуге тиiс.
2. Заңдардың және өзге де құқықтық актілердің конституциялылығын тексеру туралы өтініштерді қараудың қорытындысы бойынша Конституциялық Сот мынадай:
1) заңды немесе өзге де құқықтық актіні не олардың жекелеген ережелерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп тану туралы;
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) заңды немесе өзге де құқықтық актіні не олардың жекелеген ережелерін Конституциялық Соттың түсіндірмесінде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп тану туралы;
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) заңды немесе өзге де құқықтық актіні не олардың жекелеген ережелерін толық немесе жекелеген бөлігінде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп тану туралы нормативтік қаулылардың бірін қабылдайды.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3. Халықаралық ұйымдардың және олардың органдарының шешімдерін, осы шешімдердің жекелеген ережелерін орындаудың конституциялылығын тексеру туралы өтініштерді қарау қорытындысы бойынша Конституциялық Сот:
1) халықаралық ұйымдардың және олардың органдарының шешімдерін, осы шешімдердің жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп тану туралы;
2) халықаралық ұйымдардың және олардың органдарының шешімдерін, осы шешімдердің жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп тану туралы нормативтік қаулылардың бірін қабылдайды.
58-бап. Конституциялық Соттың шешімдер қабылдауы
1. Конституциялық Сот шешімдерді алқалы түрде қабылдайды.
2. Осы Конституциялық заңның 25-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Конституциялық Сот шешімді ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысушы судьялардың көпшілік даусымен қабылдайды.
3. Егер шешім қабылдау кезінде Конституциялық Сот судьяларының дауыстары тең бөлінген болса, барлық жағдайларда өзінің дауысын ең соңынан беретін Конституциялық Сот Төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Конституциялық Соттың Төрағасын оның уәкілдік беру бойынша Конституциялық Соттың тиісті судьясы ауыстырған кезде бұл қағида қолданылмайды. Бұл жағдайда Конституциялық Сот Төрағасының немесе бірінші дауыс беруге қатыспаған судьясының қатысуымен қайтадан дауыс беру өткізіледі.
4. Конституциялық Соттың кеңесуі кезінде отырысқа қатысатын судьялардың ешқайсысы қалыс қалуға немесе дауыс беруге қатыспауға құқылы емес.
5. Конституциялық Сот қабылдаған шешімдер Төраға оларға қол қойғанға дейін дауыс беруге қатысқан Конституциялық Сот судьяларының қол қоюларымен алдын ала бекемделеді.
59-бап. Конституциялық Сот судьясының ерекше пiкiрi
Қорытынды шешіммен келіспеген Конституциялық Соттың судьясы өз пікірін жазбаша түрде баяндауға құқылы, ол конституциялық іс жүргізу материалдарына қоса тіркеледі.
Конституциялық Соттың судьясы өзінің ерекше пікірін жариялауға немесе оған жария түрде сілтеме жасауға құқылы емес.
60-бап. Конституциялық Соттың қосымша шешімі
1) Конституциялық Соттың шешімін түсіндіру туралы мәселе қойылса, қосымша шешім қабылдайды. Бұл жағдайда қосымша шешім конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың не Конституциялық Соттың қорытынды шешімін орындауға міндетті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өтінішхаты бойынша қабылданады;
2) Конституциялық Соттың шешімінде жіберілген редакциялық сипаттағы дәлсіздіктер мен қателерді түзету қажет болса, қосымша шешім қабылдайды. Бұл жағдайда қосымша шешімді Конституциялық Сот өз бастамасымен қабылдайды.
2. Қосымша шешiм Конституциялық Сот шешiмiнiң шынайы мазмұнына, мағынасы мен мақсатына қайшы келмеуге тиiс.
3. Қосымша шешiмді Конституциялық Сот отырыста қабылдайды, оның жүргізілу тәртiбi Конституциялық Соттың регламентiнде айқындалады.
61-бап. Конституциялық Соттың шешiмiн қайта қарау
1. Конституциялық Соттың шешімін өзі Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша немесе өз бастамасы бойынша, егер:
1) Қазақстан Республикасы Конституциясының шешім қабылдауға негіз болған нормасы өзгерген;
2) өтініштің нысанасы үшін жаңа елеулі мән-жайлар ашылған жағдайларда, қайта қарауы мүмкін.
2. Конституциялық Сот шешімді қайта қарау туралы қаулы шығарады, онда бұл шешімнің күші жойылады.
3. Конституциялық Соттың шешімін қайта қарау туралы мәселені қарау тәртібі Конституциялық Соттың регламентінде айқындалады.
62-бап. Конституциялық Сот шешiмiнiң заңдық күшi
1. Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары мен қорытындылары қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағым жасалуға жатпайды. Өзге шешімдердің күшіне ену тәртібін Конституциялық Сот айқындайды.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Конституциялық Соттың шешімдері тікелей қолданылады және басқа мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың растауын талап етпейді. Конституциялық Соттың құқықтық актіні немесе оның жекелеген ережелерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп тану туралы шешімінің заңдық күшін дәл осындай мазмұндағы осы актіні қайтадан қабылдау арқылы еңсеруге болмайды.
63-бап. Конституциялық Соттың қорытынды шешiмдерiн қабылдау салдары
1. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейдi деп танылған заңдар мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қоюға не тиiсiнше ратификациялауға және қолданысқа енгiзуге болмайды. Заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп тану оларға қол қою мерзiмiнiң өтуiн қайта бастайды. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп тану оларды ратификациялау процесiн қайта жалғастырады.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабының 7-тармағында және 43-бабының 1 және 5-тармақтарында белгіленген талаптарға сай келмейді деп танылған, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар жалпыхалықтық референдумға шығарылмайды.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Конституциялық емес, оның ішінде адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де құқықтық актілердің, олардың жекелеген ережелерінің қолданысы тоқтатылады және Конституциялық Сот шешім қабылдаған күннен немесе ол белгілеген күннен бастап қолданылмайды.
Конституциялық Сот өзі қабылдаған қорытынды шешімнің қолданылуы мен орындалуының өзге тәртібін айқындаған жағдайларды қоспағанда, соттардың және өзге де мемлекеттік органдардың осындай заңға немесе өзге де құқықтық актіге негізделген шешімдері орындалуға жатпайды және заңда белгіленген тәртіппен қайта қаралуға тиіс.
Заңның және өзге де құқықтық актінің немесе олардың жекелеген ережелерінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп танылуы конституциялық емес деп танылған немесе осындай ережелерге негізделген не осы ережелерді қайталайтын ережелерді қамтитын басқа заңдардың немесе өзге де құқықтық актілердің ережелерінің белгіленген тәртіппен қолданысын тоқтатуға негіз болып табылады.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Конституциялық Сот берген түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылған заңдар және өзге де құқықтық актілер, олардың жекелеген ережелері осы түсіндірмедегідей қолданылуға тиіс.
Конституциялық Сот берген түсіндірмеде Конституцияға сәйкес келеді деп танылған заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге не олардың жекелеген ережелеріне негізделген соттардың және өзге де мемлекеттік органдардың шешімдері, егер Конституциялық Сот өзгеше белгілемесе, заңда белгіленген жағдайларда және тәртіппен қайта қаралады.
5. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп танылған Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешімімен тиісті сайлау учаскелерінде (әкімшілік-аумақтық бірліктерде) жарамсыз деп танылады. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп тану сайланған Қазақстан Республикасының Президентін тіркеуге алып келеді.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп танылған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешімімен тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде және сайлау округтерінде жарамсыз деп танылады. Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп тану сайланған депутаттарды тіркеуге алып келеді.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп танылған жалпыхалықтық референдумның нәтижелері Орталық референдум комиссиясының шешімімен тиісті дауыс беру учаскелерінде (әкімшілік-аумақтық бірліктерде) жарамсыз деп танылады. Өткізілген референдумды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп тану референдумның қорытындысын шығаруды қайта бастауға алып келеді.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайының тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентiн лауазымынан мерзiмнен бұрын босату туралы шешiм, лауазымынан кетiру туралы түпкiлiктi шешiм қабылдауы алдында белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталмағандығы туралы қорытынды тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентін лауазымынан мерзiмiнен бұрын босату туралы, лауазымынан кетiру туралы мәселенiң қаралуын тоқтатуға алып келеді. Белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғандығы туралы қорытынды тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентiн лауазымынан мерзiмiнен бұрын босату туралы, Қазақстан Республикасының Президентiн лауазымынан кетiру туралы мәселенi қарауды жалғастыруға алып келеді.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
9. Қазақстан Республикасы Президентінің орнынан түсу туралы мәлімдемені өзі және өз еркімен бергенін растау туралы қорытынды оның өз еркімен орнынан түсуіне байланысты лауазымынан мерзімінен бұрын босатылғанын білдіреді.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
10. Адамның Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаудан бас тарту туралы мәлімдемені өзі және өз еркімен бергенін растау туралы қорытынды Конституцияға сәйкес Президент өкілеттігінің одан әрі өтуі бойынша рәсімдерді бастауға алып келеді.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
11. Конституциялық Сот орындалуын Конституцияға сәйкес келмейді деп таныған халықаралық ұйымдардың және олардың органдарының шешімдері, осы шешімдердің жекелеген ережелері орындалуға жатпайды.
64-бап. Конституциялық Соттың шешімдерін қолданысқа енгізу және орындау
1. Конституциялық Сот өзі қабылдаған шешімдерді қолданысқа енгізу және орындау тәртібі мен мерзімдерін белгілеуі мүмкін.
2. Конституциялық Соттың шешімін орындау үшін қолданылған шаралар туралы оған тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар Конституциялық Сот белгілеген мерзімде хабарлайды.
3. Конституциялық Соттың шешімдеріндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды уәкілетті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың қабылданған шешім туралы Конституциялық Сотты міндетті түрде хабардар ете отырып, міндетті түрде қарауына жатады.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Конституциялық Сот осы Конституциялық заңның 57-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген нормативтік қаулыларды қабылдаған жағдайда, егер олардан құқықтық реттеудегі олқылықтар мен қайшылықтарды жою жөнінде заңнамалық және өзге де шаралар қолдану қажеттілігі туындаса, уәкілетті мемлекеттік органдар, егер Конституциялық Сот өзгеше мерзім белгілемесе, Конституциялық Соттың шешімі жарияланғаннан кейін алты айдан кешіктірмей тиісті заң жобасын Қазақстан Республикасының Құрылтайына енгізуді, өзге де құқықтық актілер қабылдауды қамтамасыз етеді. Жаңа құқықтық акт қабылданғанға дейін қозғалатын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшеліктері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Конституциялық Соттың шешімі тікелей қолданылады.
65-бап. Конституциялық Соттың шешімдерін жолдау және жариялау
1. Конституциялық Соттың қорытынды шешiмдерi:
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) шешiм қабылданғаннан кейiн бес жұмыс күні iшiнде өтініш субъектiлерiне немесе олардың өкiлдерiне, сондай-ақ барлық жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Құрылтайына, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне жолданады;
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) заңдарды ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесінде, Конституциялық Соттың интернет-ресурсында, сондай-ақ Конституциялық Соттың шешімі бойынша басқа да дереккөздерде қазақ және орыс тілдерінде жариялануға жатады.
2. Өзге шешiмдер қажеттілігіне қарай Конституциялық Соттың регламентiнде белгiленген жағдайларда және тәртiппен жарияланады және тиiстi мемлекеттiк органдарға, лауазымды адамдарға, ұйымдар мен азаматтарға жолданады.
66-бап. Өтпелі ережелер
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құқықтық мирасқоры болып табылады.
2. Конституциялық Кеңеске 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін келіп түскен өтініштерді Конституциялық Сот осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен қарайды.