Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, оның аумақтық органдарының, оның ішінде Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтерінің, сондай-ақ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы мен әскери бөлімдері жұмыскерлерінің сан нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 70 бұйрығы
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-22) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 408 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, оның аумақтық органдарының, оның ішінде өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтерінің, сондай-ақ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы мен әскери бөлімдері жұмыскерлерінің сан нормативтері бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.