Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1186 Қаулысы
(2020.04.02. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 10-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1186 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу
қағидалары
ҚР Үкіметінің 2018.26.10. № 690 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2020.04.02. № 28 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін (бұдан әрі - Мемлекеттік рәміздер күні) мерекелеу қағидалары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу қазақстандық азаматтық біртектілікті, патриотизмді және ұлт бірлігін нығайту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі элементі болып табылады. Мереке «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойылған күнге орайластырылған.
ҚР Үкіметінің 2018.26.10. № 690 Қаулысымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу тәртібі
3. Мемлекеттік рәміздер күні жыл сайын еліміз бойынша барлық жерде мерекеленеді.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.