Бағаларды мемлекеттік реттеу қолданылатын реттелетін нарықтар субъектілері тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 547 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 2 қаңтардағы № 36 бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бағаларды мемлекеттік реттеу қолданылатын реттелетін нарықтар субъектілері тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.