«Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 279 Қаулысы

 «Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 279 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларында:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. БЖЗҚ цифрлық жүйелердің интеграциясы арқылы «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан (бұдан әрі - ЖТ МДҚ) нысаналы талаптарға қатысушылар бойынша:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығын туған кезде алғаны туралы;

2) Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күнін көрсетіп, Қазақстан Республикасының азаматтығын туғанынан кейін қабылдағаны туралы;

3) «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылғаны немесе шыққаны туралы;

4) қайтыс болған күнін не соттың қайтыс болды деп жариялау туралы шешімінің заңды күшіне енген күнін көрсетіп, қайтыс болғаны туралы;

5) ЖТ МДҚ-да қамтылған мәліметтердің жаңартылғаны туралы мәліметтерді алады.

БЖЗҚ ЖТ МДҚ-дан алынған мәліметтер негізінде БЖЗҚ цифрлық жүйесінде нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін өзі қалыптастырады.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Жыл сайын:

1) есепті жылдан кейінгі бірінші айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей БЖЗҚ:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.