Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513 бұйрығы
(2016.30.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 15 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 111-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З.Ж. Оразалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.