Құрылыс объектісін паспорттау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 196 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің 128-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Құрылыс объектісін паспорттау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс жетекшілік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
К. Кажкенов |
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 22 сәуірдегі
№ 196 бұйрығына қосымша
Құрылыс объектісін паспорттау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құрылыс объектісін паспорттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 128-бабының 3-тармағына (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіптілігі жоғары сейсмикалық аудандарында (аймақтарында) орналасқан елді мекендердің құрылыс объектілерін паспорттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін регламенттейді.