«2022 жылға арналған Респонденттердің жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 35 бұйрығы

2022 жылға арналған Респонденттердің жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 35 бұйрығы

 

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған 2022 жылға арналған Респонденттердің жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Басшысының

2021 жылғы 24 қарашадағы

№ 35 бұйрығына қосымша

 

 

2022 жылға арналған респонденттердің жалпымемлекеттік және ведомстволық

статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсыну

графигі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.