ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Қаржы министрінің 2017.27.09. № 582 бұйрығымен 9-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2019.19.02. № 121 бұйрығымен оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019.12.11. № 1250 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ 56 бұйрығына
7-қосымша
Қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі
қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы, сондай-ақ оларды беру
қағидалары
(2019.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы қызметтік куәліктердің сипаттамасы, сондай-ақ оларды экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне беру қағидасы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 20-бабына сәйкес әзірленді.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі (бұдан әрі - ЭТҚ) қызметкерінің қызметтік куәлігі тұлғаның ЭТҚ-ға тиесілігін, оның лауазымын, атыс қаруын, арнаулы құралдарды алып жүру және сақтау құқығын, қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген өзге де өкілеттіктерді растайтын ресми құжат болып табылады.
3. Тиісті ресімделмеген, сақтау мерзімі өтіп кеткен, түзетілген немесе өшірілген қызметтік куәлік жарамсыз деп саналады.
2-тарау. Қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу
қызметі қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінің сипаттамасы
4. Қызметкерлердің қызметтік куәліктерінің мұқабасы қара-көк түсті былғарыдан жасалады, ашық түрде қызметтік куәліктің көлемі 65 миллиметр х 190 миллиметр болады.