«Жануарлар дүниесінің мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 18-03/577 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 169 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жануарлар дүниесінің мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 18-03/577 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11800 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: ««Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес» БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесінің мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органның ведомствосы (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында электрондық нысанда жүргiзедi.
Есепке алу, оның кадастры мен мониторингін жүргiзу үшiн мәлiметтер жинауды уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жануарлар дүниесi объектілерiнiң санын есепке алады және мәліметтерді уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесіне бередi.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Қазақстан Республикасы жануарлар дүниесiнiң кадастры электрондық нысандажабайы жануарлар түрлерінің таралуы, биологиялық жай-күйi, саны, шаруашылық мақсатта пайдаланылу сипаты мен қарқындылығы туралы қажеттi мәлiметтер мен құжаттар жүйесiн қамтиды.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: