(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ, ОНЫҢ МӨЛШЕРЛЕРІН БЕЛГІ...

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 30/8-VI шешімі

 

Осы редакция 2019 жылғы 8 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Өскемен қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы

 Өскемен қалалық мәслихатының

2018 жылғы 17 мамырдағы

№ 30/8-VI шешімімен бекітілген

 

 

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж

азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында (бұдан әрі - Қағидалар) пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.