Түркістан қаласының ұлттық қолөнер саласындағы шеберлері шығындарының бір бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеу қағидаларын бекіту туралы
Түркістан облысы Түркiстан қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 29/136-VIII шешiмi
«Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Түркістан қаласының ұлттық қолөнер саласындағы шеберлері шығындарының бір бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеу Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан қалалық мәслихатының
2025 жылғы 18 сәуірдегі
№ 29/136-VIII шешіміне қосымша
Түркістан қаласының ұлттық қолөнер саласындағы шеберлері шығындарының
бір бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеу
қағидалары
1. Осы Түркістан қаласының ұлттық қолөнер саласындағы шеберлері шығындарының бір бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Түркістан қаласының ерекше мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Түркістан қаласының ұлттық қолөнер саласындағы шеберлері шығындарының бір бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.