Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның ережесін және регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 116 бұйрығы
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2022 жылғы 12 қазандағы № 656 бұйрығымен күші жойылды
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 38-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ереже;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.