«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 19 тамыздағы № 218 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12073 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 2-тармағына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларында:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) ұшуға жарамдылық нормалары - әуе кемелерінің, ұшуды қашықтан басқару пункттерінің, қозғалтқыштардың немесе әуе бұрандаларының қаралатын сыныбы үшін Қазақстан Республикасында белгіленген, қабылданған немесе танылған нормалар;»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) үлгі сертификаты - әуе кемесі типінің, ұшуды қашықтан басқару пунктінің, қозғалтқыштың немесе әуе бұрандасының конструкциясын айқындау және осы конструкцияның шет мемлекеттің ұшуға жарамдылық нормаларына сай екенін растау үшін әуе кемелерін сертификаттауды жүзеге асыратын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым немесе әзірлеуші шет мемлекеттің авиациялық билігі берген құжат;»;
19), 20) және 21) тармақшалар алып тасталсын;