Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығы
(2026.17.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы:
ҚР Көлік министрінің 2026 жылғы 13 шілдедегі № 179 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі);
ҚР Көлік министрінің 2026 жылғы 19 тамыздағы № 218 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 25 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020.23.04. № 221 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Көлік министрінің м.а. 2025.17.01. № 20 бұйрығымен (2025 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Көлік министрінің 2026.11.06. № 144 бұйрығымен (2026 ж. 17 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-22) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілетін Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықты заңнамамен бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;