2) кредиттiк есептi алушыға өзi туралы кредиттiк есептi алуына келісім беруге;
3) кредиттiк бюроға өзi туралы ақпарат түскен кезден бастап, осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес өзi туралы кредиттiк есептi алуға;
4) кредиттiк есептi алушыдан кредит алуға оның өтінiмiн қараған кезде кредиттiк есеппен таныстыруды не алушы кредиттiк бюродан алған кредиттiк есептiң көшiрмесiн кредиттiк есептi алушының iшкi ережелерiне сәйкес берудi талап етуге;
5) кредиттiк есептегi ақпаратпен, беруші туралы ақпарат алу мүмкiндiгiмен келiспеушілiктi мәлiмдеуге;
6) алушыға берiлген кредиттiк есепте кредиттiк бюро қызметкерлерінің әрекетi немесе әрекетсiздiгі салдарынан ақпарат берушiлер кредиттiк бюроға берген ақпаратқа сәйкес келмейтiн ақпарат болса, кредиттiк бюролардан түзетiлген кредиттiк есептi сұратуға;
2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) дәйектемесiз ақпаратты түзету туралы талаппен ақпарат берушiге жүгінуге;
2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын кредиттік бюрода, «электрондық үкімет» веб-порталы не банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, «электрондық үкімет» шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның ақпараттандыру объектілері арқылы тегін белгілеуге не оны алып тастауға құқылы.
5-тарау. Кредиттік бюроларға ақпарат беру
23-бап. Кредиттік бюроларға ақпарат берудiң жалпы шарттары
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер мемлекет қатысатын кредиттік бюроға, сондай-ақ ақпарат беру туралы шарттар негізінде кредиттік тарих субъектісінің келісімі болған кезде өзге де кредиттік бюроларға ақпарат беруге міндетті.
Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер мемлекет қатысатын кредиттік бюроға және өзге де кредиттік бюроларға ақпарат беруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға ақпарат беру және кредиттік есептерді алу талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептер алу туралы шарттарда айқындалады.
2. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.26.07 № 311-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеуді жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және шарттарда кредиттік бюроларға өздерімен жасалатын ақпарат беру туралы шарттар негiзiнде ақпарат бередi.
Орталық атқарушы органдар және оларға ведомстволық бағынысты заңды тұлғалар мемлекет қатысатын кредиттік бюроға ақпарат беруді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ақпарат алмасудың электрондық шлюзін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен онымен жасалған шарт негізінде жүзеге асырады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Өнім берушілер кредиттік бюроларға ақпаратты электрондық нысанда береді. Ақпаратты қағаз жеткізгіште беру жағдайлары кредиттік бюролардың ішкі құжаттарында және олар ақпарат берушілермен жасасатын шарттарда айқындалады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілерді қоспағанда, ақпарат берушілер кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге алған келісімдерін есепке алуды жүргізеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Кредиттiк тарих субъектілерiнің өздерi туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроларға қағаз жеткiзгіште немесе электрондық нысанда ұсынуға келісімiн ақпарат берушi кредиттiк бюроларға олар туралы сoңғы ақпарат берiлген күннен бастап кемінде он жыл сақтауға тиiс.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Заңды тұлғалар кредиттік бюромен жасалған шарт негізінде кредиттік есепке енгізілуі мүмкін кредиттік тарих субъектілері туралы мəліметтерді береді жəне (немесе) кредиттік бюродан дербес деректерді ашпай, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкес талдамалық жəне (немесе) статистикалық ақпаратты алады.
24-бап. Кредиттік бюроларға берiлетін ақпарат
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) жəне 3-3) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер кредиттік бюроларға беретін ақпаратта:
1) тұлға осы банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымнан алған кредит бойынша борыш сомасы, сондай-ақ ол алған барлық кредиттер, шартты және ықтимал міндеттемелер бойынша борыштың жалпы сомасы;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) кредиттердi (өтеу көзін көрсете отырып), сондай-ақ шартты және ықтимал мiндеттемелердi беру күнi, өтеу күнi (график бойынша және iс жүзiнде);
3) мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз етудiң (сейф жәшіктерiнде, шкафтарда және банктің үй-жайында сақтаулы тұрған қамтамасыз етудi қоспағанда) құрамы мен тәсілдерi туралы ақпарат;
3-1) ол болған кезде кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат;
2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2) банктік қарыз шартын, микрокредит беру туралы шартты жасасу күніне кредит бойынша номиналды және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелері туралы ақпарат;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-3) жасалған күндері көрсетіле отырып, банктік қарыз шартына жəне (немесе) микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісімді не жаңа банктік қарыз шартын жəне (немесе) микрокредит беру туралы шартты жасасу арқылы берешекті реттеуді жүргізу туралы жəне (немесе) банктік қарыз шартының жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту туралы мəліметтер, сондай-ақ банктік қарыз шарты жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы мəліметтер;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де мəліметтер болуға тиіс.
Осы тармақтың мақсаттары үшiн кредит деп банктік қарыз, лизинг, факторинг, форфейтинг операциялары, вексельдердi есепке алу, сондай-ақ микрокредиттер беру түсiніледi.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ өзгертілді
1-1. Коллекторлық агенттіктер банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардан ие болған банктік қарыз шарттары, микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) жөнінде және сервистік компаниялар, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің оныншы абзацында және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 5-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлғалар, егер банктік қарыз шарты бойынша жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (кредит) шарттары жəне микрокредит беру туралы шарттары бойынша құқықтар (талаптар) берілген өзге де тұлғалар кредиттік бюроларға беретін ақпаратта:
1) берешек сатып алынған күнгі негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын қамтитын берешектің жалпы сомасы;
2) борышты сатып алу күні;
3) борышты (график бойынша және нақты) өтеу күні;
4) міндеттемелердің құрамы және оларды орындауды қамтамасыз ету тәсілдері туралы ақпарат;
5) бар болған кезде, кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) жасалған күндері көрсетіле отырып, банктік қарыз шартына жəне (немесе) микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісім жасасу не банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот шешімін немесе нотариустың атқарушылық жазбасын орындау талаптары туралы келісім жасасу арқылы берешекті реттеуді жүргізу туралы жəне (немесе) банктік қарыз шартының жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот шешімін немесе нотариустың атқарушылық жазбасын орындау талаптарын өзгертуден бас тарту туралы мəліметтер, сондай-ақ банктік қарыз шарты жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы мəліметтер;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған өзге де мəліметтер қамтылуға тиіс.
2. Тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзімін ұзартатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға кредиттiк бюроларға беретiн ақпаратта мынадай мәлiметтер:
1) кредит бойынша, сондай-ақ кредитке алынған барлық тауарлар және көрсетілетiн қызметтер бойынша борыш сомасы;
2) кредиттерді беру күнi, өтеу күнi (график бойынша және iс жүзiнде);
3) мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз етудiң құрамы мен тәсiлдерi туралы ақпарат;
4) тараптардың келісімi бойынша өзге де мәлiметтер болуға тиiс.
2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес кредиттік тарих субъектісі - жеке тұлға туралы берiлген ақпаратта тегi, аты, әкесінiң аты, туған күнi, тұрғылықты жерi, заңдық мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелерi, жеке сәйкестендiру нөмiрi болуға тиiс.
2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес кредиттiк тарих субъектiсi - заңды тұлға туралы берiлетін ақпаратта атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркеу нөмiрi және күнi, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, бiрiншi басшыларының тегi, аты, әкесiнің аты және олардың жеке сәйкестендiру нөмiрлерi болуға тиiс.
2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.26.07 № 311-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Кредиттік бюроларға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы беретін ақпаратта мынадай мəліметтер:
1) жеке тұлғалар үшін - тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, тұрғылықты жерi, заңдық мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелерi, жеке сәйкестендiру нөмiрi, меншiк құқығын және басқа құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке ауыртпалықтарды тiркеу туралы мәлiметтер;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), туған күні, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке басты куəландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, жеке сəйкестендіру нөмірі, жеке тұлғаның банктік қарыздарды, микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені не алып тастағаны туралы мəліметтер;
2) заңды тұлғалар үшiн - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны орналасқан жерi, заңды тұлға ретіндe мемлекеттік тiркеу нөмiрi мен күнi, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, банк деректемелерi, меншiк құқығын және басқа да құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке ауыртпалықтарды тiркеу туралы мәлiметтер болуға тиіс.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы кредиттік бюроларға осы тармақтың бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасында көзделген ақпаратты нақты уақыт режимінде береді.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға ұсынатын ақпараты ақпарат беру туралы шартта айқындалады және онда мынадай мәліметтер:
1) адамның ақпарат берушіден алған көрсетілетін қызметі бойынша берешегінің сомасы;
2) берешектің пайда болуы және оны өтеу күні;
3) ақпаратты беру күніне мерзімін өткізіп алу күндерінің саны;
4) өсімпұл сомасы (бар болған жағдайда);
5) көрсетілетін қызметтің түрі;
6) кредиттік тарих субъектісі - жеке тұлға туралы ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, заңды мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі);
7) кредиттік тарих субъектісі - заңды тұлға туралы ақпарат (атауы, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, бизнес сәйкестендіру нөмірі, бірінші басшылардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және олардың жеке сәйкестендіру нөмірлері);
8) тараптардың келісімі бойынша өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.
Осы тармақтың мақсаттары үшін берешек деп көрсетілетін қызметтерді алушылардың ақпаратты берушінің алдындағы мерзімі өткен берешегі түсініледі.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 5-2-тармақпен толықтырылды
5-2. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға ұсынатын ақпараты ақпаратты беру туралы шартта айқындалады және онда мынадай мәліметтер:
1) адамның ақпарат берушіден алған көрсетілетін қызметі бойынша берешегінің сомасы;
2) берешектің пайда болуы және оны өтеу күні;
3) қамтамасыз ету ретіндегі және (немесе) берешектің болуына (бар болған жағдайда) байланысты ауыртпалығы бар мүлік туралы мәлімет;
4) тараптардың келісімі бойынша өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Осы баптың 2 жəне 5-тармақтарында көзделген ақпарат тiзбесi кредиттiк бюро мен ақпарат берушi арасындағы келісім бойынша, олар жасасатын ақпарат беру туралы шарт негiзiнде, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмесе, толықтырылуы мүмкiн.
25-бап. Кредиттік тарих субъектісінің ақпарат беруге және кредиттік есепті беруге келісімін ресімдеу
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімі жəне (немесе) кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті алушыға кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті беруге келісімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен ресімделеді.
2. Ақпарат субъектiсiнiң - жеке тұлғаның келісімiн Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарына сәйкес ресiмделген сенімхат негiзiнде әрекет ететін сенім білдiрiлген тұлға да ресiмдеуi мүмкiн.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік тарихты қалыптастыру үшін кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге жəне (немесе) кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті беруге келісімінің болмағаны үшін, сондай-ақ оны дұрыс ресімдемегені үшін ақпарат беруші, кредиттік есепті беру туралы сұрау салған кредиттік есепті алушы не олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сəйкес жауапты болады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Кредиттік тарих субъектісінің бұл субъект туралы теріс ақпаратты кредиттік бюроларға беруіне және кредиттік бюролардың ақпарат берушілерге кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпаратты құрайтын кредиттік есептерді беруіне келісім беруі талап етілмейді.
Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушінің осы Заңның 24-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасында көзделген ақпаратты кредиттік бюроларға беруіне жəне кредиттік бюролардың осындай ақпаратты осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілерге беруіне кредиттік тарих субъектісі-жеке тұлғаның келісімі талап етілмейді.
26-бап. Ақпаратты және кредиттiк есептердi пайдалану негiздемелерi мен мақсаттары
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) және 3-2) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерді қоспағанда, ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) ақпарат беруі, сондай-ақ кредиттік бюролардан кредиттік есептерді беруі үшін кредиттік тарих субъектісінің келісімі негіз болып табылады.
2. Кредиттiк есептi алушылар кредиттiк бюролар жүйесіндегі ақпаратты:
1) кредиттер беру, мониторинг жасау және кредиттердiң мерзiмiн ұзарту кезiнде тәуекелдердi бағалау;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) кредиттік тарих субъектiсiнің кредит өтеу қабілетiн бағалау;
2) кредиттiк шарттардың талаптары өзгерген кезде тәуекелдердi бағалау;
3) мерзiмi ұзартылған төлемдермен жасалатын өзге де мәмiлелер бойынша тәуекелдердi бағалау;
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) кредиттік есептегi ақпараттың дұрыстығын растау;
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5) осы Заңның 20-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген кредиттік есептерді алушылар қызметті жүзеге асырған кезде тəуекелдерді бағалау мақсатында пайдалануы мүмкін.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Кредиттік бюролар ақпарат берушiлерден алған мəлiметтердi өздерінің маркетингтiк, талдамалық жəне статистикалық зерттеулердi жүзеге асыруы үшiн пайдалануға құқылы.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу жөніндегі келісім болған кезде, кредиттік бюро шет мемлекеттердің кредиттік бюроларына субъектінің кредиттік тарихы бар немесе жоқ екендігі туралы ақпарат беруге және олардан ақпарат алуға құқылы.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5. Трансшекаралық алмасу шет мемлекеттердің уəкілетті ұйымдары мен кредиттік бюролардың өзара іс-қимылы арқылы олардың арасында жасалған, уəкілетті органмен келісілген трансшекаралық алмасу туралы шарттардың талаптарымен жүзеге асырылады.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6. Трансшекаралық алмасу туралы шартта трансшекаралық алмасуды жүзеге асырудың мынадай талаптары қамтылады:
1) ақпараттық өзара іс-қимыл қағидалары мен регламенттері;
2) ақпарат қалыптастырылатын жəне берілетін тіл;
3) электрондық құжаттар мен мəліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасы;
4) сəйкестендіру деректерінің тізбесі (құрамы);
5) дауларды реттеу тəртібі, оның ішінде кредиттік тарих субъектісінің кредиттік тарихтардың құрамына кіретін мəліметтерді даулау тəртібі;
6) ақпарат берудің қаржылық шарттары;
7) ақпаратты қорғауды ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
8) трансшекаралық алмасуды жүзеге асыру үшін қажетті басқа да шарттар.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7. Трансшекаралық алмасу кредиттік тарих субъектісінің трансшекаралық алмасуға келісімі болған кезде жүзеге асырылады, келісім ұсынылған күнінен бастап алты ай ішінде жарамды болады.
Кредиттік тарих субъектісінің трансшекаралық алмасуға келісімі кредиттік тарих субъектісінің қарыз беру туралы шарт не кредиттік тарихты пайдаланушы мен кредиттік тарих субъектісі арасында өзге де мəміле жасасуға өтініші шеңберінде ресімделеді.
Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде қарыз беру туралы шарт не кредиттік тарихты пайдаланушы мен кредиттік тарих субъектісі арасында өзге де мəміле жасалса, келісім шарттың не өзге де мəміленің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
8. Өздеріне қатысты трансшекаралық алмасу жүзеге асырылатын мəліметтер мен өзге де ақпаратта мыналар қамтылады:
1) кредиттік есепті ұсыну туралы сұрау салу;
2) кредиттік тарих субъектісінің трансшекаралық алмасуға келісімі;
3) кредиттік есеп;
4) кредиттік тарихтар құрамына кіретін мəліметтерді даулауға қатысты құжаттар.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
9. Уəкілетті ұйымдар мен кредиттік тарихты пайдаланушы трансшекаралық алмасуды жүзеге асыру кезінде өздеріне қатысты трансшекаралық алмасу жүзеге асырылатын мəліметтер мен ақпаратты өңдеу, сақтау жəне беру кезінде олардың қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.