Ақпарат берушілер кредиттік бюроларға беретін өзге де мәліметтерді айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 60 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және 1-1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес ақпарат берушілер кредиттік бюроларға беретін өзге де мәліметтер (бұдан әрі - Мәліметтер) айқындалсын.
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және Мәліметтердің 2024 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 4-тармағын және Мәліметтердің 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 6-тармағын қоспағанда, 2024 жылғы 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.