ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2019 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi - Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарына және «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ереже бекітілсін (1-қосымша).
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп екі ай ішінде осы Жарлықты іске асыру бойынша шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізілсін.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.