«Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс - шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 172 Қаулысы (2026.24.04. берілген өзгерістермен)

Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс - шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Абай облысы Семей қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 172 Қаулысы

(2026.24.04. берілген өзгерістермен)

 

Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің 2025.03.06. № 50 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 - бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің 2025.03.06. № 50 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Семей қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс - шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. «Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Абай облысының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулының оның ресми жарияланғанынан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Семей қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.