(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ТҰҚЫМДЫҚ ЖАНУАРЛАРҒА ҰРПАҒЫНЫҢ САПАСЫ ...

Асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 2 наурыздағы № 80 бұйрығы

 

Осы редакция 2024 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы

министрінің міндетін атқарушы

2023 жылғы 2 наурыздағы

№ 80 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргізу

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.