Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 130 «Алға ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 354 Қаулысы
Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 130 «Алға ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6092 тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Ақтөбе облысы Алға аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жариялағанынан кейін Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Алға ауданының әкімі | Н. Ержанов |