Алға ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы
Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 130 Қаулысы
(2026.01.01. берілген өзгерістермен)
Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2025.20.11. № 309 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі Салық Кодексінің 600 бабының 6 тармағына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алға ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Алға аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Алға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің орынбасары Г. Ахметоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Н. Алдияров |
КЕЛІСІЛДІ:
«Алға ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
С. Мұқанов
15 наурыз 2019 жыл