«Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 130 «Алға ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 309 Қаулысы

Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 130 «Алға ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 309 Қаулысы

 

Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 130 «Алға ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6092 тіркелген) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі Салық Кодексінің 600 бабының 6 тармағына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімінің м. а.

С. Муканов

 

Алға ауданы әкімдігінің

2025 жылғы 20 қараша

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.