Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құрамындағы мердігерлік жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 12 ақпандағы № 52 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің 120-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құрамындағы мердігерлік жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс жетекшілік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Министр | Е. Нағаспаев |
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
2026 жылғы 12 ақпандағы
№ 52 бұйрығымен бекітілген
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құрамындағы мердігерлік
жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) түрлерінің
тізбесі
1. Жер жұмыстары және топырақтағы арнаулы жұмыстар, оның ішінде:
1) негіздер құрылымы, оның ішінде:
топырақты өңдеу, тік жоспарлау, шұңқырларды қолмен қазу жөніндегі жұмыстар: