«Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-02/405 бұйрығы (2025.22.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-02/405 бұйрығы

(2025.22.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025.05.06. № 151 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 22 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрі

А. Сәрінжіпов

2015 жылғы 13 шілде

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

2015 жылғы 11 маусым

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

2015 жылғы 1 шілде

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 18-02/405 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттiк орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану
қағидалары

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017.03.11. № 445 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.