«Уақытша әкімшінің, уақытша басқарушының және оңалтуды басқарушының борышкердің қаржылық тұрақтылығы туралы, сондай-ақ оңалту жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыруды ескере отырып, банкроттықты басқарушының борышкердің қаржылық тұрақтылығы туралы қорытындыларының үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 404 бұйрығы (2025.23.06. берілген өзгерістермен)

Уақытша әкімшінің, уақытша басқарушының және оңалтуды басқарушының борышкердің қаржылық тұрақтылығы туралы, сондай-ақ оңалту жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыруды ескере отырып, банкроттықты басқарушының борышкердің қаржылық тұрақтылығы туралы қорытындыларының үлгілік нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 404 бұйрығы

(2025.23.06. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2025.09.06. № 289 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 111) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес уақытша әкімшінің борышкердің қаржылық тұрақтылығы туралы қорытындысының үлгілік нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес уақытша басқарушының борышкердің қаржылық тұрақтылығы туралы қорытындысының үлгілік нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес оңалтуды басқарушының борышкердің қаржылық тұрақтылығы туралы қорытындысының үлгілік нысаны;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес оңалту жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыруды ескере отырып, банкроттықты басқарушының борышкердің қаржылық тұрақтылығы туралы қорытындысының үлгілік нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.