(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МЕН ӘСКЕРИ ҚАҚТЫҒЫСТАР ТУЫНДАҒАН ...

Төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 235 бұйрығы

(2022.25.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағы 42) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРAМЫН:

1. Қоса беріліп отырған төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасы бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:

1. «Төтенше жағдайлар саласындағы басшы құрам мен мамандарды даярлаудың үлгі бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 181 бұйрық (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8490 тіркелген; «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 23 қазандағы жарияланған);

2. «Төтенше жағдайлар саласындағы басшы құрам мен мамандарды даярлаудың үлгі бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 5 ақпандағы № 39 бұйрық (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9191 тіркелген).

3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті:

1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2. осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.