ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі (құқық бұзушылық профилактикасы) туралы ұлттық баяндаманы дайындау, оны Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және жариялау қағидаларын бекіту туралы
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі (құқық бұзушылық профилактикасы) туралы ұлттық баяндаманы дайындау, оны Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және жариялау қағидалары бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 13 наурыз
№ 1201
Президентінің
2026 жылғы 13 наурыздағы
№ 1201 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі (құқық бұзушылық профилактикасы) туралы ұлттық баяндаманы дайындау, оны Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және жариялау
ҚАҒИДАЛАРЫ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі (құқық бұзушылық профилактикасы) туралы ұлттық баяндаманы дайындау, оны Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және жариялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі (құқық бұзушылық профилактикасы) туралы ұлттық баяндаманы (бұдан әрі - Ұлттық баяндама) дайындау, оны Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және жариялау тәртібін айқындайды.
2-тарау. Материалдарды ұсыну тәртібі