Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 403 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 12613 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларында:
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) борышкердің іздестірілуіне байланысты үш және одан көп ай берешек болған кезде алиментті өндіріп алу туралы атқарушылық құжат бойынша:
атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;
атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы әр тараптарға, хабарламаның жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттар қоса беріліп хабарлау;
зейнетақы аударымдарының жоқтығы туралы мәліметтер, есеп уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей;
жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары) есеп уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей;
борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою, Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес шағымдану мерзімі өткеннен кейін (жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып);
борышкерге іздеу салуды жариялау туралы жеке сот орындаушысының прокурор санкциялаған қаулысы;
борышкерге қатысты үш және одан көп ай берешегін айқындау туралы қаулы;