Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысы
(2017.10.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 1 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016.31.12. № 20-НҚ нормативтік қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2017.10.02. № 1-н/қ нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы нормативтік қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 100. Тиімділік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;
2) осы нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 200. Сәйкестік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;
3) осы нормативтік қаулыға 3-қосымшаға сәйкес 600. Мемлекеттік аудитті жүргізуге аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тарту бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;
4) осы нормативтік қаулыға 4-қосымшаға сәйкес 700. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;
5) осы нормативтік қаулыға 5-қосымшаға сәйкес 750. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;