2024 - 2026 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 109 шешімі
(2024.24.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 18 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2024.03.04. № 153 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.24.04. № 170 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2024 - 2026 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 140 476 622 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 95 907 101 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 927 904 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 891 000 мың теңге;
трансферттер түсімі - 42 750 617 мың теңге;
2) шығындар - 159 360 845,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 254 321 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 778 670 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 524 349 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 158 061,8 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 158 061,8 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицитi) - - 19 296 605,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) - 19 296 605,9 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсiмi - 9 208 900 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 5 699 091 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 15 786 796,9 мың теңге.