Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (110.00-нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығына 6-қосымша)

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

2025 жылғы 12 қарашадағы

№ 695 бұйрығына 6-қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нысанға қосымша

 

 

«Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация

(110.00-нысан)» салық есептілігін жасау бойынша

түсініктеме

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (110.00-нысан)» (бұдан әрі - КТС) (бұдан әрі - Декларация) салық есептілігі нысаны корпопативтік табыс салығын есептеуге арналған.

Декларацияны жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 755-бабының 1-тармағында (бұдан әрі - Салық кодексі) көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша осындай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген салық режимінің ерекшеліктерін және осындай келісімшарт жасалған күні қолданыста болатын салық заңнамасының нормаларын (бұдан әрі - қолданылатын салық заңнамасы) ескере отырып тапсырады.

келісімшарттан тыс қызмет бойынша мұндай жер қойнауын пайдаланушылар «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)» салық есептілігін тапсырады.

2. Декларация декларацияның өзінен (110.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған қосымшалардан (110.01-ден 110.19-ға дейінгі нысандар) тұрады.

3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар декларациядағы жолдар толтырылған кезде міндетті тәртіпте толтырылады.

6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда толтырылмайды.

7. Декларацияға қосымшаның парағында бар жолдардан көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда, осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы Түсініктемеде мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+»- қосу, «-« - алу, «х» - көбейту, «/» - бөлу, «=» - тең.

9. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «-» белгісімен белгіленеді.

10. Декларацияны толтыру кезінде:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.