«Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және «Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығы (2024.07.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

«Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және «Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығы

(2024.07.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

БҰЙЫРАМЫН:

1-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2. «Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Тексеру парағының нысанын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 85-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

2-тармақтың алтыншы абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген тексеру парағының нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.