«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 619 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 619 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2008 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес БҰЙЬІРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 12 тамызда жарияланды) мына өзгерістер енгізілсін:

осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережесінде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Комитеттің Қазақстан Республикасы Үкіметі құрайтын және тарататын, мемлекеттік мекеме нысанында заңды тұлға болатын аумақтық органдары бар, оларға: облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері, аудан, қалалар және қалалардағы аудандар және арнайы экономикалық аймақ аумақтарында басқармалар, сондай-ақ мамандандырылған кеден мекемелер жатады.»;

16-тармақта:

мынадай мазмұндағы 45-1), 45-2), 45-3), 45-4) және 45-5) тармақшалармен толықтырылсын:

«45-1) автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын әзірлеу;

45-2) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқор жүргізу;

45-3) мұнай өнімдерінің айналымына камералдық бақылау жүргізу;

45-4) мұнай өнімдеріне дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын әзірлеу;

45-5) мұнай өнімдерінің айналымы саласында бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысанын әзірлеу;»;

46) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.