Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығы
(2026.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д. Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | Б. Сұлтанов |
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2018.31.07. № 717 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.12.07. № 697 бұйрығымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 306 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініңМемлекеттік кірістер комитеті туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.29.11. № 1210 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.03.03. № 240 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) орталық атқару органының құзыреті шегінде реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын салаларда жүзеге асырады:
1) салықтық және кедендік әкімшілендіру;