«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 367 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 367 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 12 тамызда жарияланды) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережесінде:

16-тармақ мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

«12-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өнімді өткізгені үшін бақылауды жүзеге асыру»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Комитеттің төрағасы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1) өз орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының,облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттер басшыларының, мамандандырылған кеден мекеме басшыларының, ішкі қауіпсіздік бөлімшелері басшыларының міндетін және өкілеттігін анықтайды;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады:

Комитеттің жұмыскерлерін және қызметкерлерін;

облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттер басшыларының орынбасарларын;

қалалар-облыс орталықтары, Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларының аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларының басшыларын;

мамандандырылған кеден мекемелерінің басшыларын;

облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің экономикалық тергеу қызметінің басқармаларының басшыларын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.