Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкімі
(2025.28.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 7 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын дамытудың қағидатты маңызды мәселелері жөнінде келісілген тәсілдер мен ұсынымдарды әзірлеу мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Экономикалық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - ЭСК) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған ЭСК туралы ереже бекітілсін.