«Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 шілдедегі № 546 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 шілдедегі № 546 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларында:

11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Мерзімді әскери қызметке шақыру және олардың әскерге шақыру пункттеріне келуі туралы азаматтарды хабардар етуді жергілікті әскери басқару органдарының лауазымды адамдары тұрғылықты жері бойынша: кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде жергілікті атқарушы органдар арқылы шақырту қағаздарымен немесе жұмыс (оқу) орны бойынша ұйым басшылары жүргізіп, қол қойғызып алады.»;

16-тармақтың бірінші бөлігінде:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін жасақтау үшін әскерге шақырылушыларды іріктеу «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы белгілеген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілеріне қойылатын білім деңгейі бойынша талаптарға, жұмыс тәжірибесіне және дене дайындығына басымдық беріліп жүзеге асырылады;»;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) сарбаздар қатарынан сержанттарды, кіші мамандарды даярлау үшін оқу-жаттығу бөлімдері мен мектептерге іріктеу білімі ортадан төмен емес әскерге шақырылушылар қатарынан қатаң түрде жеке тәртіппен жүргізіледі (оқу-жаттығу бөліміне кандидат іріктеген кезде олардың әскерге шақырылғанға дейін алған мамандықтары да ескеріледі);»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.