«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлік үлесімен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 40 бұйрығы (2025.23.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлік үлесімен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 40 бұйрығы

(2025.23.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 20 ақпандағы № 9/қе бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024.29.02. № 52/нс бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024.29.02. № 52/нс бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.23.04. № 24/қе бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 70-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 4-тармағына және 77-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024.29.02. № 52/нс бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлік үлесімен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери-техникалық қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - ҰҚК) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджеттен ҰҚК-ге қарастырылған қаражат есебінен және шегінде қызметкерлерді тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуді сатып алуды жүзеге асыру белгіленсін.

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Комитет Төрағасы

Н. Әбіқаев

 

КЕЛІСІЛДІ:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.