«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлікпен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы №40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 29 ақпандағы № 52/нс бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлікпен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11442 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлік үлесімен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы»;
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 4-тармағына және 77-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлік үлесімен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.»;
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлікпен қамтамасыз етудің заттай нормаларында:
норманың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: