«Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 15 қарашадағы № 491 бұйрығы (күші жойылды)

«Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 15 қарашадағы № 491 бұйрығы

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 285 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11067 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы Қағидалар құрамында ОБЗ бар өнім, жабдық және қалдықтар меншігінде немесе өзге де заңды пайдалануында бар, сондай-ақ ОБЗ өндірумен, ОБЗ әкелумен және әкетумен, ОБЗ пайдалана отырып жұмыстарды жүргізумен, құрамында ОБЗ бар жабдықты жөндеумен, монтаждаумен, қызмет көрсетумен айналысатын заңды тұлғаларға және дара кәсіпкерлерге қолданылады.

Есепке алуға жататын ОБЗ тізбесі осы Қағидаларға қосымшада келтірілген.»

10-тармақ алып тасталсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.