Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 285 бұйрығы
(2016.15.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰИЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалауы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.