«Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 115 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 115 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылға арналған стипендиясын министрліктер мен «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының арасында бөлу бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Д.Ж. Ахмед-Заки) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.