«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының атауын «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамы деп өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 қарашадағы № 981 Қаулысы

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының атауын «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамы деп өзгерту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 қарашадағы № 981 Қаулысы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 181-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының атауы «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлiк қоғамы деп өзгертілсін.

2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2025 жылғы 19 қарашадағы

№ 981 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Астана қаласы» деген бөлімде:

реттік нөмірі «21-158. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ» деген жол алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-221-жолмен толықтырылсын:

«21-221. «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ».

2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.