Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 237 Қаулысы
(2019.10.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 10 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.26.02. № 33 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және нормалары 2013 жылғы 29 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын Қағидалардың 1-қосымшасын қоспағанда, 2013 жылғы 22 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 237 қаулысымен
бекітілді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер