(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИ...

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеудің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 1 маусымдағы № 467 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 25 қазандағы № 732 бұйрығы

 

Осы редакция 2018 жылғы 3 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеудің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 1 маусымдағы № 467 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшада 4-тармақ алып тасталсын.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министрдің міндетін атқарушы

Т. Тоқтабаев

 

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушының

2017 жылғы 25 қазандағы

№ 732 бұйрығына

қосымша

 

«Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушының

2016 жылғы 1 маусымдағы

№ 467 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі

сараптамалық кеңестің құрамы

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы, төраға

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментінің директоры, төрағаның орынбасары

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.