«Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 512 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 312 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 12 тамыздағы № 475/НҚ және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 24 тамыздағы № 935 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 512 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 312 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14115 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе келесі редакцияда жазылсын:
««Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:»
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну қағидаларында:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Осы дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес әзірленген және дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну тәртібін айқындайды.»;
3), 4) және 5) тармақшалар келесі редакцияда жазылсын: